Шу ауданының әкімі Б.Жәнібеков Көкқайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Шу ауданының әкімі Б.Жәнібеков Көкқайнар ауылының  тұрғындарымен кездесу өткізді
КӨКҚАЙНАР ТҰРҒЫНДАРЫ КӨКЕЙДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН КӨТЕРДІ
Бүгін көрші ауданмен шекаралас орналасқан Көкқайнар ауылының да тұрғындарымен кездестік. Жиын барысында ауылдағы ағайын шешімін күткен бірқатар түйткілдерді көтеріп, оңды шешілуіне сеп болуымызды сұрады.
Мұндағы ең бірінші көтерілген мәселе - тұрғын үй соғуға арналған жер теліміне қатысты болды. Одан бөлек, ауылға өткен жылы жүргізілген ауыз су жүйесіне қатысты да бірқатар сауалдар қойылды. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне жаппай қосылуы тиіс. Бұл өз кезегінде ауылдықтардың сапалы ауыз су тұтынуына жол ашса, екіншіден жауапты мекеменің жұмысын жүйелі етуге сеп болады.
Сондай-ақ, елді мекендегі білім ошағы мен спорт кешеніне байланысты мәселелер айтылып, жан-жақты талқыланды. Басқосу барысында көтерілген сауалдардың ешқайсысы да жауапсыз қалған жоқ.