Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

«Бірлік ауылдық округ әкімі аппараты» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл» толуына орай кездесу отырысы өткізілді. Аталған іс - шараға ауған соғысының ардагері Түйтебай Өркенбайұлы қатысты. Кездесу кешінде ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерлі еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Кеш барысында ардагер жастарға патриоттық сезімінің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыстың болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін еске шығармауын тілге тиек етті. Ауған соғысы кезіндегі жауынгерлердің ерліктері еске алынды. Ардагерге кездесу соңында ауыл жастары тарапынан сый - сыйапат берілді.