Ақсу ауылдық округінің әкімі Айтбай Айдар Ермаханұлы Қазақстан Республикасының Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №406257 жарлығы бойынша ауылымыздың тұрғыны көпбалалы ана Самал Жабайқызына "Күміс алқа” наградасын табыстады. Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген көпбалалы отбасылардың қоғамдағы рөлі қашан да ерекше.