«Zhas project» аясында жоба

«Zhas project» аясында жоба

NEET санатындағы жастар - бұл жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар. Олар биыл еліміздің 20 өңірінде іске асырылатын «Zhas project» жобасына қатыса алады. 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтардың проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде сомасы 1 млн теңгеге дейінгі шағын гранттар беру көзделген.Жобаға қатысушылар бірнеше критерийге сай болуы керек. Біріншіден, олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Жасы 18 бен 35 жас аралығында болуы шарт. Үміткерлер өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуге тиіс және де өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесіне ие болуы керек.