Балаларға арналған ұлттық қор

Балаларға арналған ұлттық қор

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері: 📍Қазан 2023 жыл БЖЗҚ ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісі бойынша ақпаратты алды 📍2024 жылғы 15 қаңтар БЖЗҚ 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады 📍2024 жылғы 1 ақпанға дейін БЖЗҚ 2023 есепті жыл бойынша әрбір балаға есептеуге қойылатын нысаналы талаптардың сомасын есептейді және оны ақпараттық жүйеге енгізеді 📍2024 жылғы 1 ақпаннан бастап БЖЗҚ 2024 жылы 18 жасқа толған және толатын нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтау шоттарын ашады. Жоғарыда көрсетілген сомалар электрондық үкімет пен БЖЗҚ интернет-ресурстарында қарау үшін қолжетімді болады