Балаңыздың деректерін өзіңіз тексеріп, енгізіңіз

Балаңыздың деректерін өзіңіз тексеріп, енгізіңіз

Балаңыздың деректерін өзіңіз тексеріп, енгізіңіз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өз қызметтерін ақылы түрде ұсынатын делдалдар көбейіп барады. Олар балалардың деректерін енгізуді немесе мемлекеттік дерекқорда балалардың бар-жоғын тексеруді ұсынады. БЖЗҚ делдалдық қызметтер туралы таратылатын хабарландыруларды елемеуге қатаң кеңес береді. Біріншіден, делдалдарға жеке деректеріңізді беру арқылы сіз бейтаныс адамдарға өзіңіздің және балаларыңыздың жеке деректерін сеніп тапсырасыз, ал делдалдар оны теріс мақсатта пайдалануы мүмкін. Екіншіден, сіз балаларыңыздың деректерін толығымен тегін өзіңіз тексере аласыз.

Баланың деректерінің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар-жоғын, ақпараттың дұрыстығын және балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру үшін egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіңізге кіру жеткілікті. Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өз бетіңізше енгізіңіз.