«Отбасы құндылығы» ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Мектебімізде қаңтар айында Арықбаева Ж.У. “Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 8 сыныптың ата-аналарына «Отбасы құндылығы» тақырыбында ата-аналарға сабақ өткізді.
🔰Мақсаты:
-отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойлауын дамыту;
- қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы.
Сабақ барысында ата-аналарға балалардың шығармашылығы туралы түрлі сұрақтар беріліп, ата-аналардың сұрақтарға жауап беруі, берілген тапсырмаларды орындауы барысында белсенділік танытып отырды. Сабақ барысында бала тәрбиесі, баланың шығармашылығын дамыту аясында әңгімелер жүргізілді.
Сабақ өз дәрежесінде өткізіліп,келген ата-аналар алғысын білдірді.