Ағымдағы жылы облыста 25 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіледі

Ағымдағы жылы облыста 25 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіледі

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, биыл саланы дамытуға 48,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінге дейін 3,4 мың шаруаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Нәтижесінде І тоқсанның қорытындысы бойынша 38 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, салаға 4,1 млрд теңге инвестиция тартылды.

Биыл 641,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5 мың гектарға артық.

Көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан 20 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі таңда шаруаларға тарату жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

498, 5 мың гектар алқапқа 99,7 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.

400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңару деңгейін 6,5 пайызға жеткізу көзделуде.

Ағымдағы жылы 25 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, жалпы көрсеткіш 80,4 мың гектарға ұлғаяды.

Жыл қорытындысы бойынша егістік алқаптарынан 3,2 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі алынады деп күтілуде.