Әскери шеруді 2500 адам тамашалады

Әскери шеруді 2500 адам тамашалады

Астана қаласында өтіп жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты Тараздықтар Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақті тікелей эфирден тамашалады. Әскери шеруге ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері, жастар, әскери қызметкерлер мен сарбаздар жалпы саны 800-ге жуық адам жиналды.
Сонымен қатар, тікелей көрсетілім облыстың 7 ауданында өткізіліп, жалпы 2500-ге жуық адам тамашалады.
Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа Жамбыл облысынан 20 адамнан құралған делегация қатысуда. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.