Тараз қаласының Құмшағал алқабындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекше мәнге ие спорттық шара — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және даңқты сұрменген Ыбырайым Сүлейменовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы волейболдан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды.
Турнирге қала мектептері мен спорт мектептерінен келген бірнеше жасөспірім командалар қатысты. Жарыстың негізгі мақсаты – жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы тарихи құндылықтарды ұлықтау болды.
Шара барысында қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетті. Әр команда жеңіске деген ұмтылыстарымен, шеберліктерімен және ұйымшылдықтарымен ерекшеленді. Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Турнир ұйымдастырушылары қатысушыларға және олардың жаттықтырушыларына алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті.
Бұл жарыс — өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің және спорттық шеберліктерін арттырудың жарқын үлгісі болды.