2025 жылғы 27 ақпанда Жамбыл облысының «Руханият және тарихтану» орталығында Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен Жамбыл облысы Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен «27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С. Сәлемовтың төрағалығымен, облыстық үкіметтік емес ұйымдардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің және тағы басқа қонақтардың қатысуымен өтті.
Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін және қоғамдық-саяси өмірде белсенділік танытып жүрген ҮЕҰ өкілдері марапатталып, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Отырыс соңында кездесуге қатысушылар естелікке суретке түсті.