КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ
Ағымдағы жылдың 19 ақпаны күні Достық үйінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалық етуімен әлеуметтік сала мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
🔷Кеңеске облыстық ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дін істері басқармалары мен оған қарасты мекемелер, Талас ауданы әкімдігі, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.
🔷Алқалы жиында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар және ҚХА құрылымдарының негізгі қызметі туралы айтып өтті.
🔷Сексеннен астам этностар қоныстанған Жамбыл жерінде этносаралық ахуалды тұрақтандыру бойынша «Бейбітшілік пен келісім», «Достық керуені», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» секілді 3 ірі пилоттық жобалар сәтті жүзеге асуда. Жиын барысында Мубарак Қасымқызы бұдан өзге мемлекеттік тілді дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу секілді бірқатар әлеуметтік жобалар аясында атқарылған істерге кеңірек тоқталды. Сондай-ақ, өңірлік ҚХА мүшелерінің қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылық шараларға белсенділігі де кеңесте айтылды.
🔷Биыл елімізде татулық пен бірліктің тұғырына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Отырыста мекеме басшысы мерейтой қарсаңында атқарылатын жоспарлармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.