Жамбылы облысы ҮЕҰ-ның өкілдеріне қаржыландырудың жаңа тетіктері түсіндірілді

Жамбылы облысы ҮЕҰ-ның өкілдеріне қаржыландырудың жаңа тетіктері түсіндірілді

Тараз қаласында және Жуалы ауданында облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрманмен кездесті.

Қоғам белсенділеріне үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібі туралы толыққанды ақпарат берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Ғалым Құрман гранттардың градуирленген жүйесі туралы айтып берді.

Шара соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өздерін қызықтырған барлық  сұрақтарға жауап алды.

Еске салайық, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қазіргі таңда ҮЕҰ-ға арналған гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстарға өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр. Гранттар туралы толық ақпаратты cisc.kz сайтынан білуге болады.