«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

 «Мерейлі отбасы-2021» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізілуде

Конкурстың ұйымдастырушылары аудан, қала әкімдіктері.

Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;

3) неке туралы куәліктің көшірмесі;

4) толық емес отбасылар үшін – ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктері үшін алған марапаттарының бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) тұрғылықты мекенжайынан отбасы құрамы туралы анықтама;

7) балалардың, ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешілердің) жұмыс орнынан (оқуынан) анықтама және мінездеме;

8) толтырылған сауалнама (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

9) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары.

Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді ауданның (қаланың) әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе аудан (қала) әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7262) 437169, 459990.