Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі өтті

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі өтті

2021 жылдың 12 ақпаны күні облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қорытынды есеп беру жиыны өтті.
Жиынға карантин талаптарын және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары және Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары онлайн режимде қатысты.
Басқарма басшысының м.у.а. М.Досымбекованың 2020 жылы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есебі тыңдалды.

Өткен жылы, Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын халыққа ақпараттық түсіндіру, өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен бірге, мерейтойлық іс-шаралар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Б.Момышұлының 110 жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Конституцияның 25 жылдықтары облыста аталып өтілген.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл», «Асарлатып үй салу» жобалары іске асырылса, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «ӘКІМ. УӘДЕ мен ҮДЕ», «Сөзден іске», «Әкімдік сағаты» жобалары, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, Басқармаға қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Қоғамдық келісім» КММ басшылары өз есептерін баяндады.
Биылғы жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Олжас Сүлейменовтың 85 жылдығы, Ақын Күләш Ахметованың 75 жылдығын атап өту көзделіп, бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Жиынға қатысқан ҮЕҰ, БАҚ өкілдері өз ұсыныстарын берді.
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту туралы айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.