
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында басқарма басшысы Ж.Нұрмолдаұлы басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері, оның алдын алу тетіктері және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын атап өтті.
Сондай-ақ заң талаптарын сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстану сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі екеніне тоқталды. Іс-шара соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.