Таразда жасыл желектерді көбейту және цифрландыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Таразда жасыл желектерді көбейту және цифрландыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Алтышевтің мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айынан басталған акцияға 15,6 мың адам, сондай-ақ 840 кәсіпорын мен мекеме қатысқан.
Сенбіліктер барысында 29,6 мың түп жасыл желек отырғызылып, ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ айтқанда, 1,1 мың шақырым көше жолдары, 318 шақырым арық жүйелері мен каналдар, сондай-ақ 68,8 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер аумағы тазартылды. Жалпы көлемі 1,3 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.
Көктемгі екі айлық аясында Тараз қаласы мен аудандарда кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылып, 50 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі – Telegram-ботқа жыл басынан бері 237 өтінім түскен.
Жалпыұлттық акция шеңберінде жасыл желектерді түгендеу және цифрландыру жұмыстары да қолға алынған. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар Тараз қаласында жүргізіліп, арнайы taraz.botsad.kz платформасына 31 мың түп жасыл желек енгізілген. Жобаны іске асыру 2026-2028 жылдар аралығында жалғасады.