Қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өтті

Қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дәурен Даниярбекұлы Омаров басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиынның мақсаты:

Мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі модельдері мен басымдықтары.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және алдын алу шаралары бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды қатаң ұстану мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етіп, басқару сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жүйелі әрі кешенді жұмыстар ғана қоғамда әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтып, тұрақты дамудың берік негізін қалыптастыра алатынын атап өтті.