Сарысу ауданы, Жастар ресурстық орталығы «Заңды біл — қылмысқа жол берме» тақырыбында студенттермен құқықтық бағытта кездесу өткізді

Сарысу ауданы, Жастар ресурстық орталығы «Заңды біл — қылмысқа жол берме» тақырыбында студенттермен құқықтық бағытта кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 29 желтоқсан күні Сарысу ауданы, Жастар ресурстық орталығының директоры Пірімбек Мадина «Заңды біл — қылмысқа жол берме» акциясы аясында студенттер арасында құқықтық бағытта кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹Акция барысында жастарға Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтық жауапкершілік түрлері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
🔹Кездесу кезінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
🔹Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және қылмысқа жол бермеу бағытында алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылады.