«Нашақорлық – шын қорлық» атты кездесу өтті

«Нашақорлық – шын қорлық» атты кездесу өтті
Жуалы ауданының Шақпақ ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде «Нашақорлық – шын қорлық» атты жастармен кездесу өтті. Іс-шараға нарколог дәрігер Зоя Серікқызы Бердіхожаева, Жастар ресурстық орталығының директоры Сабит Қадыров және мектеп ұстаздары қатысты.
 
Кездесу барысында нашақорлықтың зияны, оның қоғамға әсері, алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.
 
Шара ашық сұхбат форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар ақпараттық парақшалар таратылды.
 
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.