Жамбыл облысында заң көмегін көрсету акциясы өтті

Жамбыл облысында заң көмегін көрсету акциясы өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасы Жамбыл облысы Әділет департаментімен бірлесе отырып, адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында халыққа тегін заң көмегін ұсыну бойынша акция ұйымдастырды.

Іс-шараға Жамбыл облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы орынбасары Б. Пралиев, заңгер-кеңесші Л. Барлыбаева, сондай-ақ Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасының меңгерушісі А. Мусаева қатысты.

Акция барысында жастар мен ата-аналарға заң саласы бойынша кеңестер беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандар әрбір азаматтың заң талаптарын орындауы – өз құқықтарын қорғаудағы және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам екендігін атап өтті.

Тәртіп пен заңдылықты сақтау – қоғамдағы тыныштықтың кепілі.