Жамбыл облысында «Таза қазақстан – таза аймақ» тақырыбында конференция ұйымдастырылды

Жамбыл облысында «Таза қазақстан – таза аймақ» тақырыбында конференция ұйымдастырылды

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді жалғасуда. 2025 жылдың 1 қазанында облыс жастары, волонтерлер,, студенттердің қатысуымен «Таза Қазақстан – таза аймақ» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау, табиғатты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру және жастарды табиғатты аялауға баулу.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылып, әрбір азаматты табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады», – деді «Байтақ» жасылдар партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшы И.Мурзахметов.

Сондай-ақ, Шу ауданының Төле би ауылында «Қалдықтарды бөліп таста» тақырыбында қоқыстан жасалған бұйымдар экологиялық көрмесі ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 470 өтінім  түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 109,4 мың адам және 1,8 мың кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.

Іс-шара аясында 56 тарихи-мәдени ескерткіштер, 100,5 мың тұрғын үй аулалары, 3,1 шақырым көше жолдары, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 81,6 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 12,1 мың  тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan