Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интелектіге баса назар аудару қажеттігін атап өтіп, оны барлық салада кең қолданысқа енгізуді тапсырды. Бұл ретте, Жамбыл облысына бірқатар жұмыстар атқарылуда.
IT экожүйесін дамыту бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық университеті аумағында «Zhambyl Hub» жұмыс жасауда. «Zhambyl Hub» өңірлік IT-хабының басты – міндеті өңірдегі перспективалы стартап жобаларды қолдау саналады. «Astana Hub» - пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында «инкубация» және «акселерация» бағдарламалары арқылы жобаларды бизнес-инкубациялау, сондай-ақ оларды «Astana Hub» аумағында одан әрі сүйемелдеу мүмкіндігі пайда болды. Жыл басынан бері аймақтық хаб 22-ден астам іс-шаралар өткізген.
Бұдан бөлек аймақтың білім беру саласында жасанды интеллект негізіндегі FaceID технологиялары енгізілуде. Бүгінде 630 білім беру ұйымында орнатылған «ақылды бейнебақылау» жүйелері буллинг пен агрессивті әрекеттерді, қауіпті заттарды анықтап, балалардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуде.
Денсаулық сақтау саласында қатерлі ауруларды ерте диагностикалау құралдары енгізілсе, жер қатынастары мен құрылыс саласындағы деректер ЖИ арқылы талданып, тиімді шешімдер қабылдауға жол ашуда.
Облыс аумағындағы 2 000 бейнебақылау камерасы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылып, күдікті тұлғаларды анықтауға мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың халықпен байланысын нығайту мақсатында азаматтардың өтініштерін талдау бағытында жаңа пилоттық жобалар жүзеге асуда.