Сарысу ауданында "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында кездесу өтті

Сарысу ауданында "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында кездесу өтті

🔰Еліміздегі заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының халықпен байланысын жандандыру мақсатында бүгін аудандық мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен кездесу өтті.            🔰Кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Еркін Сақыбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышов, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының басшысы Айбек Кадралиев, аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық алқа билер кеңесі, Жаңатас қаласының алқа билер кеңесінің төрағалары және аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, аумақтық мекеме және кәсіпорын басшылары мен тұрғындар қатысты.                     🔰Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов жүргізіп отырды. Жиында "Заң мен Тәртіп" жобасының ережелері талқыланып, құқықтық сауаттылықты арттырудың алғышарттары түсіндірілді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, қоғамда заңның үстем құруы жолында тұрғындармен тығыз байланыс құру керек екенін айтты. Кездесуде сондай - ақ, ұсыныс - пікірлер айтылып, маңызды мәселелер көтерілді.