
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері үшін пресс-тур Байзақ ауданында өтті.
Журналистер аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Ең алдымен тілшілер Сарыбарақ ауылындағы 100 орындық мектепке барып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Келесі бағыт – Тегістік ауылындағы 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункті болды. Дәрігерлік амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталған, мұнда ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек, дәрігерге дейінгі көмек және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы сынды қызметтер көрсетіледі.
Журналистер келесі кезекте Мәдімар ауылындағы «К Байден» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне ат басын бұрды. Кәсіпкер Рахимбек Карибаев егін және мал шаруашылығы аясында 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бұдан әрі 120 орындық Мырзатай ауылдық клубы, нысанның құрылысын мердігер «Ник Тараз» ЖШС жүргізген. Онда 6 қызметкер, 4 үйірме, яғни «Сымбат» ән үйірмесі, «Аяулы әжелер» үйірмесі, «Сөз патшасы» мәнерлеп оқу үйірмесі, «Балауса» би үйірмелері жұмыс жасайды.
Жалпы аумағы 547 шаршы метрді құрайтын нысан елді мекендегі тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуде.
Тур соңында журналистер Сарыкемер ауылы, Қ.Орынқұлов көшесінің 2-бұрылысында орналасқан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысы нысанында болды. Бүгінгі күні пәтерлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Республикалық бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан бұл пәтерлерді ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін сатып алу жоспарланып отыр.