Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқарма тарапынан "AULIEATA-MEDIA" ЖШС-і ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлыққа төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Сондықтан, кез келген ортада жемқорлықтың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.