Болашаққа қадам: тараздық жас өнертапқыш заманауи жол белгілерін ойлап тапты

Болашаққа қадам: тараздық жас өнертапқыш заманауи жол белгілерін ойлап тапты

Жол қозғалысы қауіпсіздігін жетілдіру мәселелері қазір ерекше өзектілікке ие болуда. Әсіресе,  еліміздегі қалалар мен ауылдарда көлік ағындары күрт  өскен.

Тараз мектептерінің бірінің 10 сынып оқушысы Інкәр Қабылбек өзінің бұл бағытта өз идеясын ұсынды. Ол қала  көшелерінде  жүргізушілер үшін ғана емес, жаяу жүргіншілер үшін де қауіпсіз әрі ыңғайлы ете алатын жол белгілерін орналастырудың жаңа жүйесін ойлап тапты.

Оқушының  айтуынша, бұл идея оған көшелердегі көптеген белгілер ағаштардың артында жасырылғанын, тым биік тұрғанын, тротуардан көрінбейтінін немесе жолдарда мүлдем жоқ екенін байқағаннан кейін келген.

«Бұл жоба қоғамға өте керек. Өйткені, мектеп оқушылары білім ордасына барар кезде күнделікті жолдан өтеді. Ал кішкентай балалалар жол белгілерін жақсы білмейді. Олар көлікке қарамай жүгіріп, асығып өтуі мүмкін» - дейді Іңкәр Қабылбек.

Мектеп оқушысының басты идеясы – жол белгілерін жүргізушілер үшін айқынырақ және түсінікті етіп қана қоймай, жаяу жүргіншілерге, әсіресе балалар мен қарттарға бейімдеу.

Бұл ұсыныс қалалық ортаның ерекшеліктерін ескереді: тар тротуарлар, қараңғы  жерлер, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің көз деңгейінде белгілерді қайталау қажеттілігі. Расында Іңкәрдің бұл ойлап тапқаны көңілге қонымды.

Мұғалімдер мен жергілікті тұрғындар бұл бастамаға қолдау білдірудде. Ал қала әкімшілігінің өкілдері жобаға қызығушылық танытып, оны жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі комиссияда қарауға уәде берді.