◾️ Тараз қаласында 2025 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының XI спартакиадасының Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындары өтті.
◾️ «Ж.Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена» спорт кешенінде командалық және жеке біріншілікке таласуға Оңтүстік аймақтардың – Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының судьялары жиналды.
◾️ Салтанатты ашылу рәсіміне келген командалардың облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
◾️ Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев және сот жүйесінің ардагері Серік Байбатыров іс-шараны аша отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, судьялар корпусының арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптасып жатқанын атап өтті.
◾️ Турнирде аймақтардың судьялары спорттың 9 түрінен: кіші футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, арқан тарту және тоғызқұмалақтан медальдар үшін күресті.
◾️ Спартакиада судьялар үшін өз қабілеттерін көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар басқа аймақтардағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шараның бірі болды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
◾️Жалпы командалық есепте 1 орынды Алматы қаласының командасы;
◾️ 2 орынды – Жетісу облысының командасы;
◾️ 3 орынды – Түркістан облысының командасы иеленді.
◾️ Спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған спорт командалары мен жеке біріншілік ойындары бойынша, сондай-ақ ойындарда ерекшеленген қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі