Меню

Страницы

Статья

Жамбылдағы БАҚ-тың рөлі мен ұлттық идеясы

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселесі көптен бері елімізде талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі. Яғни Қазақстанда журналистердің еркін, әрі кедергісіз әрекет етуі үшін де белгілі тұлғалар тарапынан ұсыныстар түсіп, жиі талқылануда. Жалпы отандық БАҚ-тың елдегі өңірлер мен әлемде болып жатқан үдерістер мен өзгерістерге әркез өз көзқарастарын білдіріп отыруға тиіс.

Ал енді өңірлерде бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты қандай жұмыстар атқарылуда деген сұраққа келсек, осы орайда Жамбыл облысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Жамбыл облысында жуырда ғана «Масс-медиа туралы» заңға қатысты арнайы отырыс өткізілген болатын. Жиын барысында журналистерге қатысты қандай жағымды жаңалық болатындығы жөнінде айтылған болатын. Мәселен, қазіргі таңда сапалы контент жасау – ең өзекті әрі қызықты тақырып болғаннан кейін Жамбыл облысында жас журналистерге арнайы семинар-тренинг өткізілді. Бағдарлама аясында майталман тренерлер мультимедиялық контенттің қалай жасалатындығы мен оның жасалу жолдары жөнінде кеңестер берген болатын. Сондай-ақ контентті жай жасап қана қоймай, оның сауатты жазылуына, тақырып қоюдағы шеберлігіне, стилистикалық шеберліктері мен ақпаратты визуализациялау, іскерлік пен диджитал журналистиканың ерекшеліктері жөнінде сабақтар жүргізілді.

Сонымен қатар отандық бұқаралық ақпарат құралдары аясында «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналды мемлекеттік мекемесі мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы барысында арнайы баспасөз брифингтерін жиі өткізіп, нақты бекітілген кестелер бойынша жұмыс істеп келеді. Яғни бекітілген кестеге сәйкес, осы уақытқа дейін Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша бір жүз отыз бір брифинг пен екі жүз он бес спикер баяндама жасады.

Өткізілген баспасөз-конференциялардың қорытындысы бойынша республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, Jambyl, 77 TV телеарналары мен Turaninfo, ZhambylNews сайттарында, одан бөлек оқырманы көп әлеуметтік желілерде отандық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қатысты ақпараттар беріле отырып, материалдар жарияланған болатын.

Тек бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып қана қоймай, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» фейсбук парақшасының тікелей эфирінде баспасөз-конференциялары көрсетілді.

Ал әлеуметтік медианы талдау және болжау бөлімі бойынша Жамбыл облысының аймақтық медиа-өрісі, әлеуметтік желілердегі мониторингі жүргізілген еді. Мониторингтер әкімдіктердің ресми сайттары мен блог платформаларында арнайы сұрақ-жауап айдары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға күнделікті талдау жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай, 2019 жылы 13 наурыздағы №70-өкіміне сәйкес, Жамбыл облысында бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты жергілікті органдардың жұмыс алгоритмі белгіленген болатын. Алгоритмге сай әлеуметтік желіде аудан мен басқармалар алдағы күндерге жоспар жасап, апталық ақпараттар мен статистикалық мәліметтер жинақтап отырады. Сонымен бірге, Жамбыл облысындағы отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мақсатында әлеуметтік медиаларға баса назар аударылады. Соған сәйкес, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «Жамбыл облысы әкімдігі» парақшалары арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қажетті ақпараттар беріліп отырады. Осылайша, БАҚ-қа қатысты жұмыстар атқарыла отырып, жыл сайын президент әкімшілігі мен тиісті министрлікке есеп беріліп келеді. Облыста қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистері желі белсенділеріне арнап «Ақпарат ағыны және біз», «Тез Инфо» сынды семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Жамбыл облыстық өңірлік коммуникация қызметінің мәлімдеуінше, өңірдегі журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап, ағылшын тілінен курстар тегін оқытылып келеді. Бұл өңірлік журналистерге арналған таптырмас мүмкіндік екенін жасыруға болмайды.

zhasalash.kz

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

20 мая 2025
картограмма коррупции
20 мая 2025
ПЕРЕЧЕНЬ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ Управление информации и общественного развития
13 мая 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации