Аэротүсірілім жұмыстары жүргізілуде

2023 жылдың қыркүйек және қазан айларына облыстың 7 аудан орталығына яғни Б.Момышұлы, Мойынқұм, Қордай, Меркі, Құлан, Аса, Сарыкемер ауылдарына жоспарланған масштабы 1:500 болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылына 20-23.09.2023ж жүргізіліп, қазіргі уақытта 25.09.2023ж Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілуде.