Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Тараз қаласы Ұлбике ақын көшесі тұрғындарының өтініші негізінде, облыс әкімнің орынбасары Е.Ибрайхановтың тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топпен (Тараз қаласының прокуратурасы, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сәулет және қала құрылысы басқармалары, қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы бөлімдері) Тараз қаласы Ұлбике ақын көшесі №40 «а» мекенжайда орналасқан үйдің маңында «Ұшбұлақ» қаналының үстіне орналасқан көпір өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілгені анықталды.
Нәтижесінде, Тараз қаласының сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне аталған мекенжайдың барлық құжаттарын зерделеп, сотқа талап арыз ұсыну ескертілді.
Сонымен қатар аталған мәселе басқарманың толық бақылауында болады.