"КАЗГИСА" ЖШС өкілдерімен аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен 24.03.2023ж өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 3 бөлімі 2 тармағына сәйкес Республика бойынша 88 қалаға 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын.
Осы орайда, облыс әкімінің төрағалығымен 2022ж 02 наурызында өткен аппараттық кеңестің №46 хаттамасының 2 тармағына сәйкес, 2023 жылдың мамыр айында Жаңатас, Қаратау, Шу қаласы мен Төле би ауылына масштабы 1:500 болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, Басқарма басшысы 15.05.2023ж "КАЗГИСА" ЖШС өкілдерімен аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланып, әр бір аудан әкімдерімен жеке-жеке сөйлесіп, түсіндірілді.
Соның ішінде 16.05.2023ж Сарысу ауданы Жаңатас қаласына жұмыстар басталып, 18.05.2023ж аяқтау жоспарланды.
Келесі кезекте 19-22.05.2023ж аралғында Талас аудан Қаратау қаласына және 23-25.05.2023ж аралығында Шу ауданы Шу қаласы мен Төле би ауылына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілетін болады.