1 қазан халықаралық қарттар күні

1 қазан халықаралық қарттар күні

1 - қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.

Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен және жарқын келешегімен өмір сүреді.

Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Олай болса, қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызықтарыңыз көп болғай.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге бақ пен береке тілейміз!

Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының ұжымы, Тараз қаласының еңбек ардагерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, гүл шоқтары табысталды.