Тараз қаласының бас жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасы талқыланды

Тараз қаласының бас жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасы талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласының бас жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасы талқыланды.

Жалпы жобалау жұмыстары барысында, қала аумағын дамыту мақсатында, Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты жалпы 14 елді мекен және 2 саяжайды облыс орталығына қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Байзақ ауданына қарасты Қызыл жұлдыз, Талас, ст. Талас ауылдары, Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық,Танты, Қоңыртөбе, ст. Шайкорык, Ақбұлым, Кемел, Түрксіб, Пригородное, Жалпақтөбе, Қызылшарық, Бектөбе ауылдары бар. Бас жоспарға сәйкес, Байзақ және Жамбыл аудандары есебінен қала аумағын 11 755,0 гектарға ұлғайту жоспарлануда десек, нәтижесінде жалпы 30 542,0 гектарды құрайтын болады.

Облыс әкімі иригациялық жүйелер мен инфрақұрылыммен қамту, тұрғын үй құрылысы мәселелеріне айрықша ден қойып, қаланың дамуына қатысты барлық есептеулер мен талдаулар мұқият назарға алыну керектігін ескертті.

Алдағы уақытта бас жоспарға түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық маслихатттарының отырысына келісу үшін ұсынып, содан соң жобаны сараптамаға тапсыру және ҚР Үкіметіне бекіту үшін ұсыну көзделуде.