Діни қызмет саласындағы 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Діни қызмет саласындағы  2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020ж №97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 14.02.2022 ж №36 бұйрығымын қайта бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26332 болып тіркелді). Қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметті облыс, аудандар және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: Тегін
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекенжайы: Тараз қаласы Төле би көшесі №35 ғимараттың 2 қабаты және байланыс телефоны 8 (7262) 434782.