Мемлекет басшымыздың 2022ж 01 қыркүйегінде Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жасаған жолдауын іске асыру бойынша сәулет және қала құрылысы саласына қатысты атқарылатын жұмыстар

Мемлекет басшымыздың 2022ж 01 қыркүйегінде Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жасаған жолдауын іске асыру бойынша сәулет және қала құрылысы саласына қатысты атқарылатын жұмыстар

Мемлекет басшымыздың 2022ж 01 қыркүйегінде Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы, қоғам игілігіне және сәулет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер аталып, оған қатысты тапсырмалар берілген болатын.
Жолдаудың екінші бағдары «Нақты секторды дамыту» бойынша Үкіметке жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырды.
Расында қазіргі қолданыстағы қала құрылысы құжаттамаларымен жұмыс жүргізу барысында, бірқатар түсініспеушілік жағдайлар мен әлі де заңды реттелмеген мәселелер кездеседі.
Осыған байланысты, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан, қолданыстағы Заңдар мен Ережелерде ескерілмеген сәулеттік келбетті реттеу, абаттандыру мәселелерін – Қала құрылысы Кодексінде қамту бойынша, орталық атқарушы органға ұсыныс берілетін болады. Оның ішінде, қазіргі уақытта қолға алынған, бірақта заңды күші жоқ «Дизайн код» жобасын заңды бекіту мәселесі қамтылады.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері бекітілген «Дизайн код» жобасын іске асыруды қамтамасыз ететін болады.
Бөл өз кезегінде, Жолдаудың «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғыртуда» аталған тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселелерін қолға алуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Жолдауда аталған әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау бойынша, сәулет және қала құрылысы саласына қатысты коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесін құру және жүргізу қажеттілігі айтып өтілді.
Одан әрі цифрландырылған инженерлік желілер туралы деректер орталық атқарушы органға ұсынылып, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне және Жария кадастрлық картасына енгізілетін болады.
Нәтижесінде, елді мекен шегіндегі жер телімдерінің картасы коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырылады.