
Облыс орталығы Тараз қаласындағы Д.Қонаев көшесінде орналасқан "Үшбұлақ" жағалауын абаттандыру объектісі, "Зербұлақ" көлінің жалғасы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бекітіліп, эскиздік жобаларға сәйкес құрылыс жұмыстары басталды. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасалып, "Үшбұлақ" жағалауы ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі . "Зербұлақ" көлімен шектесетін "Үшбұлақ" жағалауы Д.Қонаев көшесінде орналасқан. Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының "сәулет бюросы" мекемесі әзірлеген эскиздік жобада жағалауда тренажерлік және балалар ойын алаңдары , демалуға арналған күркелер , сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы , көпір салынады .