"Таразға тарту" жобасы

"Таразға тарту" жобасы

Таразда астана күні қарсаңында «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Таразға тарту» жобасы бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарта отырып, скверлер мен аллеялар салуға, қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Әр нысанға жауапты ретінде облыстық басқармалар мен департаменттер, аудандық әкімдіктер бекітілген. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер де атсалысуда.

«Таразға тарту» жобасы аясында барлығы 42 нысанды қамту жоспарланған. Олардың бесеуі маусым айының соңында тапсырылған болатын десек, енді жұмысы аяқталған нысандардың саны 16-ға жетіп отыр.