Жамбыл облысы аумағын дамытудың қала құрылысыкешенді схемасын

Жамбыл облысы аумағын дамытудың  қала құрылысыкешенді схемасын

«Жамбыл облысы аумағын дамытудың
қала құрылысыкешенді схемасын»
талқылау мәселесі туралы кеңес.

2021 жылдың 01-03 наурыз күндері аралығында, Жамбыл облыстық мәслихатыдепутаттарының қатысуымен, 2020ж әзірленілген Жамбыл облысы аумағын дамытудың қала құрылысы кешенді схемасын талқылау мәселелері қаралды.
Аталған жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 28.06.2014ж №728 шешімін орындау мақсатында, 2018 жылы басталып, 2020ж аяқталды.
Кешендi схема-осы өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарды, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстарды қамтитын жоба ретінде әзірленілді.
Кеңес барысында облыстық депутаттар тарапынан тиісті ұсыныстар беріліп, келесі кеңесте қайта қаралатын болады.