"АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ" АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК АВТОКЕРУЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

"АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ" АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК АВТОКЕРУЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

"АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ" АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК АВТОКЕРУЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

🔰Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің, қайсарлығының символы болып табылатын тарихи оқиға. Осыған орай, "AMANAT" партиясының облыстық филиалы мен облыс әкімдігімен бірлесе «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясының аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуенін ұйымдастыру туралы арнайы тұжырымдама әзірленіп, іс - шаралар жоспары бекітілген болатын.

🔰Тараз қаласы «Жеңіс» саябағынан керуенді 2 бағытта аудандарға салтанатты шығарып салу рәсімінен бастау алған әлеуметтік автокеруен бүгін ауданымызға келді.

🔰Облыстан келген құрметті қонақтарды Жаңатас қаласының кіреберісінен аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарай Қырғызбаев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова мен "AMANAT" партиясы аудандық филиалының өкілдері күтіп алды. Мұнан соң "Даңқ" монументінде автокеруеннің салтанатты ашылуы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Өмірғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды: - Біз бүгін тағылымды, танымдық шарада бас қосып отырмыз. Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай, облыс әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, "Ардагерлерге мың алғыс" әлеуметтік автокеруенінің делегаттары ауданымызға ат басын бұрып отыр. Бүгінгі шараның мәні бөлек, мақсаты айқын. Сіздерді алдағы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Ұлтымыз бейбітшіліктің көгінде биік самғай берсін, -деді.

🔰Сонымен қатар, "AMANAT" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Уалихан Болатбек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов та сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

🔰Шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Шараның ашылуы "Жастар Рухы" Жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен "Даңқ" монументінде тазалық жұмыстарымен жалғасты.