Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды
Биыл, аудан бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қолайсыз аймақтары ретінде 12 ошақ есепке алынды. Олар: Игілік, Жаңаталап, Жайылма, Маятас, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда, Досбол, Шағалалы, Үлкен Көкдала, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары.
Жалпы, залалсыздандыру жұмыстары 3 кезеңде жүргізілетін болады. Яғни, ағымдағы жылдың 14 сәуірі басталып, 10 қыркүйекте аяқталады.
Залалсыздандыруға жататын қорғаныс аумағы 1 266,3 га, қора-жай саны 1 409, буферлік аймақ аумағының саны 30, көлемі 30 000 шаршы метрді құрайды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары аудандық ветеринариялық станциясы арқылы жүргізілетін болады. Залалсыздандыруға қажетті акарицидті препараттардың барлығы сатып алынған.
Аудандық бюджеттен қосымша қаржы көздері қаралып, аудан елді мекендерінің барлығында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.
Тиісті аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарлары мен қора-жайларды залалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетін болады.