ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БЕЙНЕСІ
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Наурызнама күнтізбесіндегі 18 наурыз - Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық киім халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол тек киім ғана емес, ұлттың бет-бедерін айқындар тарихы. Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де сәннен қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген. Бұл күні халық ұлттық киімді ұлықтап, ұлттың бейнесін танытады.
Қадірменді ағайын!
Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар. Ұлтымыздың тамырлы тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық құндылығымыз да ұлықтала берсін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Сәкен Мамытов