ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ - САЛТ - ДӘСТҮР
🔰Әр халық өзінің тілімен, дінімен, атауымен және де салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым салт-дәстүр болмақ. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрлерін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында жасалу керек ырым-жоралғыларын өз ретімен орындап отырған.
🔰Осы орайда, 17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні мерекесіне орай, аудандық орталық ауруханада компьютерлік томографияның ашылу салтанаты "Тұсаукесер" салтымен жалғасты.
🔰Дәстүр дәріптеліп, салтымыз насихатталған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, Нұрәлі есімді сәбидің тұсауын кесіп, алғаш басқан қадамына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сәбиге ақ батасын берді.
🔰Жиылғандар әннен шашу шашып, мерекелік күннің сәнін келтірді.