АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.

🔰Жиынға қатысушылар 17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, ұлттық киіммен бастады.

🔰Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша "Аудандағы білім беру сапасы және тәрбиелеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы" Сарысу ауданының білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, "Аудандағы денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы" Сарысу аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова баяндама жасады.

🔰Сондай - ақ, қосымша 2 мәселе бойынша "Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттары жұмыстарын зерделеудің нәтижесі туралы" Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы – Мұрат Сүлетаев, "«Таза лайк» акциясының өткізілуі туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің Дәуренбек Шалбаевтың есебі тыңдалды.

🔰Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі