АУДАННЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АУДАННЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С. Мамытовтың төрағалығымен аудан активінің жиыны өтті.
Жиынға Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі Мамаев Қанат Есіркепұлы қатысып, аудан активіне жаңадан тағайындалған Сарысу ауданының прокуроры Әмірхан Елдос Тұрғынбайұлын таныстырды.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз сөйлеп, жаңа прокурордың қызметіне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Әмірхан Елдос Тұрғынбайұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, аудандағы қоғамдық, саяси ахуал, қоғамдық тәртіпті сақтау, ауданның біртұтастығы мен ауызбіршілігі және ҚР Конституциясымен реттелген талаптар мен құндылықтарды сақтау бағытындағы шараларды, жұмыстарды бірлесе атқаратындығына сенім білдірді.
Сондай-ақ, аудан игілігі жолында бірлесе жұмыс атқарған ауданның бұрынғы прокуроры Алдабергенов Думан Алдабергенұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жиынды қорытындылады.