Игілік ауылдық округінде атқарылып жатқан игі істер одан әрі жалғасын табуда.
Бұл жөнінде аудан әкімі Сәкен Мамытов ауыл тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты.
Ауданда барлық сала бойынша атқарылған жұмыстармен қатар, Игілік ауылдық округінде де жүзеге асқан жобаларға да тоқталды.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Өндіріс ауылындағы Ж. Отарбаев атындағы орта мектебін күрделі жөндеуге 116,1 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Игілік ауылдық округіне аудандық бюджет есебінен 76,2 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар атқарылуда.
Оның ішінде, тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы жүргізу, Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының қасбетін жөндеу, ауыл көшелеріне ИДН және жол белгілерін, балалар ойын алаңы, стритвораут орнату, т.б жұмыстар бар.