КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Байболат Ерлан Бейсенұлы және жол көлік оқиғасын зерделеу бойынша құрылған жұмысшы топ мүшелері, аудандық прокуратура өкілі, комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.
Жиынның күн тәртібінде "Ауданда құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы" мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ. Нарбеков, Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов, Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақов хабарлама жасады.
Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - Байболат Ерлан Бейсенұлы сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталып, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмысты одан әрі жандандыру керектігін айтты.
Жиын барысында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге байланысты хаттама жобасы бекітілді.