АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен кезекті аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің алдында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы жаңадан тағайындалған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова мен аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Индира Тілікованы аудан активіне таныстырып, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Салық түсімдері жоспарының орындалуы мен өзекті мәселелер туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д. Жігітеков хабарлама жасады.
Мемлекеттік бюджет бойынша 2024 жылдың 3 айына бекітілген болжам 1561,2 млн. теңге, нақты түскені 2 927,3 млн. теңге, 187,5 пайызға, яғни 1 366,1 млн. теңгеге артық орындалды. Облыстық бюджет бойынша бекітілген болжам 317,2 млн. теңге, нақты түскені 756,9 млн. теңге, 238,6 пайызға, яғни 439,7 млн. теңгеге артығымен орындалды. Аудандық бюджет бойынша 2024 жылдың 3 айына бекітілген болжам 377,0 млн. теңге, нақты түскені 1 411,0 млн. теңге, 374,2 пайызға, яғни 1 034,0 млн. теңгеге артығымен орындалды. Аудан бойынша жеке тұлғалардың көлік салығынан берешек сомасы бүгінгі таңға 1707 салық төлеушіден 50 884,1 мың теңгені құрап отыр. Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек сома бүгінгі күнге 0 теңгені құрайды. Жалпыға бірдей декларация бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүліктер туралы декларацияда (270.00-нысан) көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі қысқартылған.
Күн тәртібінде қосымша «Қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларының сақталуы туралы » екінші мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Жергілікті полиция бөлімінің бастығы А. Жақыпбеков және Жаңатас қаласының әкімі І. Домалақов баяндады.
Ағымдағы жылдың 3 айында Сарысу ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша барлығы 232 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, ортақ пайдаланылатын орындарды, яғни саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының талаптарын бұзғаны үшін 39 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, барлығы 143 988 мың теңге айыппұл салынып, өндірілген. Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабы, яғни автокөлік жүргізушілері автокөлік басқару кезінде қоқыс тастағаны үшін 55 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 15 тұлғаға 166 140 мың теңге айыппұл салынды.
Жаңатас қаласы әкімі аппараты тарапынан бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп, 3 рет кәсіпкерлерге және тұрғындарға ескерту, хабарландыру хаттары таратылып нәтижесінде 36 азаматқа ескерту берілді.
Көшеде иесіз жүрген малды қамау үшін 3 қоғамдық жұмысшы бекітіліп, күнделікті жұмыс атқаруда. Бұл бағытта 6 мөлтек ауданында айыппұл тұрағы белгіленген.
Әлеуметтік желілерге жыл басынан бері малды егесіз қалдырмау жөнінде 4 рет ескерту жарияланып, 9 азаматқа айыппұл салынып өндірілді.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді, жүйелі жұмыс жүргізіуді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.