Салимова Ұлбике Әлібекқызы 1985 жылы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», 2020 жылы «Мирас» университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының хатшысы болып бастаған.
2018-2020 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, 2020 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарды.
Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.