«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысына сәйкес, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысы.» күші жойылды.
Оның орнына, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32950 болып тіркелді.